Моуриньо, Анчелотти және Тухельді келесі Әлем чемпионатында көреміз бе?

13.12.2022, 23:21
Моуриньо, Анчелотти және Тухельді келесі Әлем чемпионатында көреміз бе?


Осы аталған бапкерлер құрама тізгінін ұстауға дайын екен.


Жозеге жақын арада Португалиядан ұсыныс хабарлама келуі мүмкін. La Gazzetta dello Sport басылымының айтуынша, Сантуш көп ұзамай орнынан кетеді. "Рома" басшылығы болса, Моурдың екі жақта жұмыс атқаруына рұқсатын беріпті.


Папа Карлоға Бразилияның көзі түсіпті. Бірақ, бұл жақта жағдай қиынырақ. Анчелотти "Реалмен" келісімшартын созғысы келеді. Тағы қосар болсақ, бапкердің басты арманы корольдік клубта қалу!


Саутгейтке сау бол! деп жатқан англиялық фанаттар толастамаса, азаяр емес. Туманды альбион елінің жанкүйерлері Гареттің жұмыстан кетуіне себепкер болса, Федерация Тухельге жүгінеді. Томас жергілікті "Челсиде" керемет нәтиже көрсетті. Ол жақта неміс бапкерінің авторитеті мықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×