Моуриньо мансабындағы көзіне жас алуға мәжбүр еткен матчты атады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
03.05.2020, 00:04
«Тоттенхэмның» бапкері Жозе Моуриньо мансабында жеңілістен кейін жылаған жалғыз ойын туралы айтып берді.
Моуриньо мансабындағы көзіне жас алуға мәжбүр еткен матчты атады

Португалдықтың жадында мәңгіге сақталатын драмаға толы матч «Реал Мадридпен» бірге 2011/12 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының жартылай финалында өткен ойын. Королдік клуб пенальти сериясында «Баварияға» жол беріп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

"Недегенмен бұл - футбол. Жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін спорт түрі. Роналду, Кака, Серхио Рамос - азуын айға білеп жүрген үштік он бір метрлік нүктеден мүлт кеткен еді. Бірақ оларда адам, оларда қателеседі."



"Дәл осы ойын менің футболдағы еріксіз жылауыма себепкер болған жалғыз ойын. Менің көмекшім Айтар Кранко екеуіміз менің үйімнің алдына келдік. Сол сәтте көлікте екеуімізде жылауға мәжбүр болдық. Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. Бірақ мен бұл жеңіліске тойтарыс бере алмадым. Себебі, біз сол жылы Еуропадағы ең үздік ұжым атанып тұрдық. Біз Испания чемпионатын жәй ғана жеңіп қоймай, сайыстағы басты қарсыласымыз «Барсаны да» айқын басымдылықпен басып оздық." - деп жеткізді 57 жастағы маман.

2011/12 маусымда «Реал» Ла Лиганың турнирлік кестесінде 100 ұпай жинап, 121 гол соғып рекорд орнатқан болатын. Ал екінші орын 91 ұпаймен мәре жолын аяқтаған «Барселонаға» бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×