Моуриньоға жаза қолданды

06.04.2025, 18:00

Жозе Моуриньо "Галатасарай" бапкерімен болған жанжалдан кейін үш ойынға шеттетілді. 

Моуриньоға жаза қолданды

Түркия футбол федерациясы (TFF) "Фенербахче” мен "Галатасарай" арасындағы Түркия кубогының ширек финалынан кейін Моуриньоны дөрекі әрекеті үшін үш матчқа дисквалификациялады және шамамен 6000 фунт стерлинг көлемінде айыппұл салды. Оқиға соңында Моуриньо қарсылас бапкер Окан Буруктың мұрнынан әдейілеп қысып жіберген. Осы сәтте Бурук жерге құлап түсті.

"Фенербахче” клубының басшылығы өздерінің бапкерін яғни Моуриньоның бұл әрекетін толығымен қолдайтынын мәлімдеп “Ол – жеңіске деген құлшыныстың, батылдықтың және амбицияның символы.” деп жариялапты.

                                         Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×