МОУРИНЬОНЫҢ «ЧЕЛСИГЕ» АУЫСАТЫНЫ ЖАЙЛЫ ТАҒЫ БІР АҚПАРАТ ТАРАДЫ

20.05.2013, 04:41
МОУРИНЬОНЫҢ «ЧЕЛСИГЕ» АУЫСАТЫНЫ ЖАЙЛЫ ТАҒЫ БІР АҚПАРАТ ТАРАДЫ

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду төрт матчтан шеттетілуі мүмкін. Өйткені ол Испания Кубогінің финалында «Атлетикомен» болған ойында қатал тәртіп бұзған. Егерде футболшы жазаланатын болса, онда алдағы болар екі ойынға және ендігі маусымдағы алғаш екі матчқа қатыспайды. Сәрсенбі күні бұл шешім қабылдануы мүмкін. Португалдық ойыншы 115 минутта ол «Атлетико» клубының жартылай қорғаушысы Габи Фернандеске өрескел тәртіп бұзғаны үшін бірден алаңнан қуылған болатын. Ал португалдық маман Жозе Моуриньо ресми түрде ағылшындық «Челси» клубына келетінін мәлімдеді. Ол ендігі маусымын Англия чемпионатында жалғастырмақ. Ал «королдік клуб» алдағы болар екі ойыннан кейін Жозе Моуриньоның отставкаға кететінін мәлімдеді. Ағылшындық «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Уэйн Руни «Вест Бромбичпен» болатын осы маусымдағы соңғы ойынына қатыспауы мүмкін. Олай дейтін себебіміз, Уэйн Рунидің жұбайы екінші сәбиін дүниеге әкелуі мүмкін.  27-жасар футболшы клубтан кетуін сұрап еді, алайда клуб басшылығы бұл шешім жайлы әлі шешім айтпай отыр. Италиялық «Милан» командасының шабуылшысы Марио Балотелли жақында ағылшыдық «Манчестер Сити» клубынан кеткеніне өкінбейтінін хабарлады. Ол баспасөзге «Мен қандай жағдайда болмасын Англиядан кеткеніме бақыттымын. Қазір қасымда достарым, отбасым жанымда, бір сөзбен айтқанда жеке өміріме қатысты жағдайлар осында. Көбі мені ақыл есі дұрыс емес, негізінде мен жақсы адаммын. Әйелдерді, жылдам жүретін автокөліктерді жақсы көремін»  деді. Дортмундық «Боруссияның» қорғаушысы Матс Хуммельс «Бавариямен» болатын ЧЛ финалында ойнамауы мүмкін. Ол «Хоффенхайммен» болған ойында 78-минутта жарақат алып алаңнан кеткен болатын. Дәрігердін айтуынша, ол оң аяғынан жарақат алыпты. Естеріңізге сала кетейік, Юрген Клоптың командасы «Хоффенхаймнан» 2:1 есебімен жеңілген болатын. САЛАМАТ ОҢАЛДЫҚОВ аламан сайты
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×