Моуриньоның Криштиану Роналду туралы ойы

06.06.2013, 04:08
Моуриньоның Криштиану Роналду туралы ойы
photo_5400«Корольдік клубтан» күні кеше кеткен португалдық маман өзінің отандасы Криштиану Роналду жайында әңгіме етті. «Роналду менімен бірге «Реалда» үш керемет маусым өткізді. Мен онымен тек бір жағдайда ғана келісе алмадым. Біз тактикалық көзқарастарда екі түрлі пікірде болатынбыз. Ол өзін өсіп жетілдім, мен бәрін де білемін деп ойлайтын шығар. Бірақ расында олай емес. Ондай жағдайда бапкер аяқдопшыға көмектесе алмайды. Әлемде үлкен беделге ие «корольдік» клубта маған үлкен жауапкершіліктің артқанын білемін. БІрақ мен өзімді еркін ұстай алдым. «Реал» тарихында мейрамханалар мен журналистермен белсенді сұхбат жүргізбеген жалғыз бапкер болып қалатын шығармын клуб тарихында. Мен тек жұмыс, үй және жанұяма көп көңіл бөлдім» - деп сөзін аяқтапты Моуриньо бапкер. Португалдық маман «Реалға» келе салысымен бірден команданы жасақтау көшті. Жақсы ойыншыларды сатып алып, құрдымға кеткен клубты команда етіп жинақтай алды. Моур бапкердің эмоционалды ерке мінезі көпшілікке, әсіресе жанкүйерлерге ұнайтын. Ол сәнді киінетін. Ол өзін жоғары ұстайтын және айтқан сөзінде тұратын. Оның бапкерлік ғұмырында «корольдік клубтағы» жылдары ең сәтсізі болып қалмақ.  Өйткені Жозе мадридтік командамен чемпиондар Лигасының кубогін жеңе алмады. Биылғы жылдың қысында-ақ Лондоннан бірнеше миллион еуроға үлкен коттедж сатып қойған Моур бапкер сол кезден бастап тұманды альбионға кетуге қамдана бастаған секілді. Сол уақыттарда «Реал» каталондық «Барселонадан» бірнеше ұпайға қалып келе жатқан еді. Ендігі кезекте Ұлыбританияда қандай ойын көрсететінін уақыт көрсетеді. Азамат БАХЫТЖАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×