Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі

21.07.2025, 16:05

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі

Қазақстан атынан жарысты жалғастырып жатқан алматылық «Қайрат» клубы өз ықтимал қарсыласын білді.

Егер «Қайрат» екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтсе, келесі кезеңде Словакияның «Слован» немесе Босния және Герцеговинаның «Зриньски» командаларының жеңімпазымен кездеседі. Үшінші раундтың алғашқы ойындары 5 немесе 6 тамызда өтсе, қарымта матчтар 12 тамызға жоспарланған.

Еске салайық, «Қайрат» алғашқы іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» клубын қос ойын нәтижесі бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын. Енді алматылықтар екінші кезеңде Финляндияның «КуПС» клубымен кездеседі. Бұл матч ертең, 22 шілдеде, Куопио қаласында өтеді.

Айта кету керек, егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері «КуПС-тан» жеңіліп қалса, олар Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×