“Мудриктің қателігін қайталамасын!” – Ресейлік сарапшының Сәтпаевқа деген ақылы

Бүгін, 13:34

Футбол сарапшысы Александр Шмурнов Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты өз ойын ашық бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Мудриктің қателігін қайталамасын!” – Ресейлік сарапшының Сәтпаевқа деген ақылы

Шмурнов Сәтпаевтың “Челсиге” ауысуын талқылай отырып, оны Еуропалық футболдағы екі түрлі тағдырмен салыстырды. Сарапшының пікірінше, Дастан үшін ең бастысы — бос жарнаманың құрбаны болмау.

“Мен Дастанның тұлғасынан әлем “жаңа Мудрикті” емес, “жаңа Хвичаны” көргенін қалаймын. Неге десеңіз, Мудрикке төленген 90 миллион еуроның тіпті 9 миллионы да ақталған жоқ. Ол мұндай соманы ешқашан ақтай алмайтын да шығар. Ал Хвича өзіне салынған инвестицияны бес есе артығымен қайтарды.” — деді Шмурнов Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Сарапшы Қазақстандық футболшының бойындағы тек физикалық деректерді ғана емес, оның азаматтық қасиеттерін де ерекше атап өтті:

"Дастанның футболға деген адалдығы мен темірдей тәртібі оны үлкен биіктерге жетелейді.”

Оның алаңдағы шешімдері мен ақылға қонымды қимылдары Шмурновты тәнті еткен екен.

Шмурновтың айтуынша, Дастанға қазіргі жасында ең керегі — тұрақты ойын практикасы.

“Егер “Челси” оны бірден негізгі құрамға тықпаламай, дами алатын, деңгейі жоғарырақ командаға жалға берсе, мен тек қуанамын. Сәтпаевқа қазір жоғары қарқынды футбол ауадай қажет.” — деп түйіндеді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×