
Қазақстан құрамасы мен «Астананың» қақпашысы Мұхамеджан Сейсен ӘЧ-2026 іріктеу кездесулерінің алдындағы жаттығу жиындарының барысы туралы айтты.
Естеріңізде болса, ұлттық команда осы айдың аяғында сырт алаңда қос матч өткізеді - 22-де Уэльспен және 25-наурызда Лихтенштейнге қарсы ойын.
«Құрама қатарына арада екі жыл салып қайта оралдым. Бұл қажырлы еңбектің жемісі деп ойлаймын. Қазір мұнда керемет атмосфера орнаған, тәжірибелі ойыншылар жастарға жөн сілтеп, жол көрсетуде. Бәрі тамаша. Іріктеу кездесулеріне ден қойып, күніне екі реттен жаттығу жасап жүрміз», - деді қақпашы.
Мұхамеджан Сейсен ҚПЛ-2025-те алғашқы екі турда елордалық клубтың жейдесінде «Қайрат»(1:1) пен «Қызыл-Жар» (2:0) қарсы матчтарда өнер көрсетті. «Астанадан» бөлек «Ордабасы», «Тараз», «Тараз-Қаратау» клубтарының намысын қорғаған. 26-жастағы қақпашының нарықтық бағасы 200 мың еуро. Футболшы мен елордалық клубтың келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET