Мұхаммед Салах “Ливерпульмен” жаңа келісімшартқа қол қойды

11.04.2025, 19:00

Ливерпуль футбол клубы Мұхаммед Салахтың жаңа келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады. "Egyptian King" "Қызылдар" үшін 2027 жылдың жазына дейін доп тебетін болды.

Мұхаммед Салах “Ливерпульмен” жаңа келісімшартқа қол қойды

Салах клубтың ресми сайтына берген сұхбатында:

"Әрине, мен өте қуаныштымын. Қазір біздің керемет командамыз бар. Бұрын да жақсы команда болған. Біз тағы да үлкен жүлделерді жеңе аламыз. Бұл керемет. Мен өмірімдегі ең жақсы жылдарды осында өткіздім. Сегіз жыл ойнадым, бұйырса он жыл болады. Мұндағы өмірімді, футболымды жақсы көремін. Бұл менің мансабымдағы ең үздік кезең болды. Жанкүйерлерге айтарым – мен мұнда болғаныма өте қуаныштымын. Біз бірге үлкен жүлделер ұта аламыз деп сенгендіктен жаңа келісімшартқа қол қойдым. Бізге қолдау көрсетуді жалғастырыңыздар, біз де барымызды саламыз. Болашақта әлі талай жеңіс күтіп тұр деп үміттенемін.” деді Салах.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×