Мукоко Бундеслигада гол соққан ең жас ойыншы атанды

19.12.2020, 08:43
Вундеркинд кезекті рекордын жаңартты.
Мукоко Бундеслигада гол соққан ең жас ойыншы атанды

Дортмундтық “Боруссияның” шабуылшысы Юссуфа Мукоко Бундеслигада гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Германия чемпионатының 13-туры аясында берлиндік “Унионға” қарсы ойынның 60 минутында Геррейроның пасынан кейін Мукоко 16 жас 28 күн дегенде өзінің алғашқы голын соқты. Осылайша “Байердің” жас таланты Флориан Вирцтің рекордын (17 жас 34 күн) жаңартты.

Одан бөлек Мукоко Бундеслигада негізгі құрамда шыққан ең жас ойыншы, Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен ең жас ойыншы деген секілді рекордтарды жаңартқан еді.

Мукоконың жалғыз голы көмектесе алмай, “аралар” “Унионнан” 2:1 есебімен ұтылып, 13 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×