Мұнайды батпақтан тазарта ала ма? Қуаныш Қабдолов "Атырау" үшін сәтті бапкер

23.04.2025, 14:35

Сонымен, «мұнайшылар» Константин Горовенкодан кейін іле-шала тағы бір отандық маманға иек артуды жөн санапты.

Мұнайды батпақтан тазарта ала ма? Қуаныш Қабдолов "Атырау" үшін сәтті бапкер
Қуаныш Қабдолов

Әбден берекесі қашқан клуб былтыр Бірінші лигада жемісті жұмысымен есте қалған Қуаныш Қабдоловқа жүгінуді жөн санаған көрінеді. Мейлі, толыққанды тізгінді ұстатпаса да 37 жастағы жас жаттықтырушы үшін бұл кішігірім жетістік. Отандық бапкер батпаққа батқан ҚПЛ өкілін тығырықтан шығара ала ма?   

Көпшіліктің жадында негізінен «Каспийдегі» жұмысымен сақталып қалған Қуаныш Қабдолов шын мәнінде атыраулық жанкүйерлерге бөтен емес деуге болады. Бұл отандық жаттықтырушының «мұнайшылар» командасымен қайта қауышуы - 2009-2012-жылдар аралығында «Атыраудың» жастар командасында бас бапкердің көмекшісі болған. Сондай-ақ, Қуаныш Кенжәліұлының 2013-жылы «Атырау» футбол орталығының басшысы болып та қызмет еткені мәлім. Бұдан бөлек, 2014-2020- жылдар аралығында «Атырау» негізгі командасының бапкерлік штабында қызмет атқарып, бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы міндетін де атқарды. Бұл кезең «мұнайшылар» үшін өте жемісті болған, екі мәрте Қазақстан кубогының финалына (2017 және 2019 жылдары) шықты.

Қуаныш Кенжәліұлы 2021-2022-жылдар аралығында түркістандық «Тұранның» бас бапкеріне көмектесіп, артынан команда тізгінін толықтай өз қолына алды.

Былтыр ақтаулық «Каспиймен» Бірінші лиганы үшінші орынмен аяқтады. 37-жастағы маман ақтаулықтарды маусымның бел ортасында тізгіндегеніне қарамастан, жалпы жаман көрінген жоқ. Қуаныш Қабдоловтың жаттықтыруымен «Каспийдің» біраз кездесуге жалғасқан жеңіліссіз сериясы әлі есте. Маусым соңында 37 жастағы маман қызметінен кетті. Енді міне Константин Горовенконың орнын басып отыр. Қазақстандық маман «Атырауда» әзірге бас бапкердің міндетін атқарушы ғана, дегенмен қысқа уақытқа болса да мүмкіндігі бар.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×