"Атырау" клубы бас бапкер 41 жастағы Виталий Жуковскиймен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Беларусь маманы “Атырауды” алғаш рет 2022 жылғы маусымның ортасында тізгіндеген болатын.
2024 жылы Жуковскийдің жетекшілігімен "Атырау” клубы Қазақстан Кубогының финалына дейін жетіп, ұзақ жылдардан кейін басты трофейге таласу мүмкіндігін алған еді.