“Мұнда деңгей жоғары” – Украиналық қорғаушы Польшаның төртінші дивизионын ҚПЛ-ден жоғары қойды

03.03.2026, 16:25

"Ұлытаудың" бұрынғы қорғаушысы Ярослав Терехов Польшаның төртінші дивизионында өнер көрсететін "Авиа" клубына ауысу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Мұнда деңгей жоғары” – Украиналық қорғаушы Польшаның төртінші дивизионын ҚПЛ-ден жоғары қойды

Тереховтың сөзінше, бұл таңдау тек спорттық қана емес, сонымен қатар мансаптық өсу мүмкіндігіне негізделген.

"Бұл — алдына үлкен мақсаттар қойған өршіл клуб. Мұнда жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыдан шыңдалуға барлық жағдай жасалған. Клуб тарапынан нақты қызығушылық болды, ал келісімшарт талаптары көңілімнен шықты. Польша — футбол деңгейі жоғары Еуропалық мемлекет, сондықтан осы елдің ішінде әрі қарай ілгерілеуге жақсы мүмкіндік бар.” — деді футболшы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×