Алғашқы мундиальдың финалдық матчында Уругвай мен Аргентина құрамалары өзара бақ сынасты. 1930 жылы өткен Әлем чемпионатының алғашқы чемпионы атағы Уругвай құрамасына тиесілі болды. Уругвай аргентиналықтарды 4:2 есебімен жеңді. Және осы матчта ерекше көзге түскен бір жан бар еді. Ол — “El Manco” (Жалғыз қол).
“El Manco” лақап атымен танымал — Эктор Кастро. Эктор Кастро — уругвайлық футболшы. 1904 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. 13 жасында электр арасы кесірінен қол білезігінен айырылды. Содан бері оны — “El Manco” лақап атымен атай бастады.
Эктор Кастро 1928 жылы өткен Олимпиада ойындардың чемпионы. 1930 жылы алғашқы мундиальды бағындырды. Кастро Уругвай құрамасының сапында бірнеше голдардың авторы атанды. Әлем чемпионаты аясында 2 мәрте көзге түсті. Финалдық матчта командасына жеңіс сыйлады.
Оңтүстік Американың екі мәрте чемпионы атанды. 1924-1936 жылдары “Насьональ” командасында өнер көрсетті. Одан бөлек “Лито” және “Эстудиантес” клубтарының намысын қорғады. Футболдағы мансабы аяқтала салысымен, бапкерлік мансабын бастады. “Насьональ” клубының бапкері атана жүріп, команданы 5 мәрте чемпион атандырды.
“Жалғыз қолмен” ойнап жүріп, биік белестерді бағындыра білген ойыншы ретінде футбол тарихында өз атын қалдырды. Футбол тек 90 минуттан тұратын ойын ғана емес. Футбол — бұл өмір. «Футбол — шектеуі жоқ әлем» екенін дәлелдеді.
Ерасыл Советбекұлы
Біздің серіктес: FONBET