Мұқанов командасының екінші ұтылысы

26.02.2011, 22:39
Мұқанов командасының екінші ұтылысы
Шағын футболдан 2012-ӘЧ іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші рет есесін жіберіп алды. Әмiржан Мұқановтың командасынан бақталастар бұл жолы да маңызды оппонент тапты. Ескерте кететін бір жайт, бұрын бiздің құрама алаң иесі әзiрбайжандықтарға жол беріп алған болатын. Екі таймның қортындысы бойынша Испандықтар бес доп соғып, өз қақпаларына доп жібермеді. «Алемао» дубльмен белгіленді. Біздің құрамамыздың келесі ойындағы қарсыласы – Франция. ИСПАНИЯ – ҚАЗАҚСТАН - 5:0 (2:0) Поло, 3 (1:0), Хосе Руис, 7 (2:0), Рафа Усин, 24 (3:0), Алемао, 26 (4:0), 40 (5:0). Испания (алғашқы топ): Луис Амадо Тародо, Карлос Ортис Хименес, Адриан Алонсо Перейра «Пола», Хорди Торрас, Фернандо Масиэль Гонсалвес «Фернандао». Қордағылар: Хулио Сезар Алемао, Фабиан, Хосе Руис, Борха Бланко, Анхел Виласко Маруган «Лин», Хуан Хосе Ангосто Эрнандес «Хуанхо», Рафаэль Усин Гуизадо. Бас жаттықтырушы: Хосе Венансио Лопес. Қазақстан (алғашқы топ): Константин Перемышлин, Динмагомед Сулейменов, Серик Жаманкулиев, Даурен Нургожин, Чингиз Есенаманов. Қордағылар: Григори Шамро, Роман Шорин, Павел Таку, Михаил Першин, Александр Довгань, Тимур Мурзабаев, Николай Казаков. Бас жаттықтырушы: Амиржан Муканов. Төрешілер: Сергей Великий (Россия), Борут Сивич (Словения) Ян Креста (Чехия). Фолдар: 5:1, 1:1 Баку. 25 ақпанда. Спорт кешені. Басталуы:18.30.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×