Мынанша жалақы төлей ала ма? Курт Зума «Қайсарға» осындай талап қойып отыр

Бүгін, 11:58

«Челси» мен тағы бірқатар клубтардың намысын қорғаған франциялық Курт Зума «Қайсармен» келіссөздер жүргізуде.

Мынанша жалақы төлей ала ма? Курт Зума «Қайсарға» осындай талап қойып отыр
Курт Зума

31 жастағы қорғаушы қызылордалық клуб жейдесін киюге қарсы емес, тек өзінің талаптарын алға тартқан: 350 мың Еуро көлеміндегі жалақы (15 млн теңге) мен бонустар берілсе дейді. 

Курт Зуманың соңғы командасы румыниялық «Клуж». Қос тарап арасындағы келісімшарт осы жылдың басында аяқталды. «Қайсар» сапына одан бөлек жуырда Виктор Мозес қосылған. 35 жастағы нигериялық вингер жаңа командасының сапындағы алғашқы ірі трансфер болып отыр. Одан бөлек «Ақтөбе» қатарына Луиш Нани қосылған болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×