Мысыр патшасы “Ливерпульді” жеңіске жетеледі

28.04.2025, 09:00

Мохамед Салах "Ливерпульмен" бірге екінші рет Англия чемпионы атанды. Бұл команданың 20-шы чемпиондық титулы. 

Мысыр патшасы “Ливерпульді” жеңіске жетеледі

Мохамед Салах биылғы Англия Премьер лигасында гол және голдық пастар саны бойынша барлық ойыншыларды басып озып тұр.

Ол 28 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Осылайша Салах Ливерпульдің биылғы Премьер лигада тіркеген барлық голдарының 58%-на тікелей үлес қосуда. (46/80)

Жуырда ғана келісімшартын ұзартқан Салах бір маусымда 20+ гол соғып, 20+ нәтижелі пас берген Премьер лига тарихындағы екінші ойыншы атануға өте жақын. Бұған дейін мұндай жетістікке тек Тьерри Анри 2002/03 жылғы маусымда қол жеткізген еді.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×