"МЮ" Снейдерге құда түсті

10.11.2011, 05:56
"МЮ" Снейдерге құда түсті
"МЮ" командасы "Интер" жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдерге қызығушылық танытып отыр. Осы жазда Cер Алекс осы ойыншыны өз командасына алғысы келген болатын. Бірақ қос ұжым қаржылай мәселеге келгенде тұралап, бір шешім таба алмай қалған еді. Енді міне, орталық жартылай қорғаныстан қиындық көріп жүрген "МЮ" осы қыстағы трансфер терезесінде голландиялық ойыншыны өз саптарына қосқысы келетіндіктерін мәлімдеді. 19 миллион доллар сұрап отырған "Интердің" араны жаман емес. Десе де ол ойыншы сол сомаға тұрарлық. Ал "МЮ" басшылары одан да арзан бағаға сатып аламыз деп отыр СНЕЙДЕРДІ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×