«Бавария» ойыншысының кезекті рекорды. Бундеслиганың 30-турында «Бавария» - Леверкузенде «Байермен» кездесті. Ойын мюнхендіктердің жеңісімен аяқталды. Біріншіліктің теңдесі жоқ серкесі 4-2 есебімен қарсыласын тұқыртып тастады. Матч барысында Томас Мюллердің пасынан гол салынды. Бұл 30ға келіп орда бұзған ойыншының осы маусымдағы 20-шы нәтижелі пасы еді. Бұл бундеслиганың жаңа рекорды болып тіркелді.
«БайАренадағы» матчқа дейін Мюллер «Лейпциг» ойыншысы Еміл Форсберг пен «Вольфсбург ойыншысы болған Кевин де Брөйненің қатарында тұрды. Мюллер «Бавария» сапында 2007 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол 347 матчта 117 гол салыпты. Мюнхендік клуб тарихында одан көп гол ұрған футболшылар көп емес. Олар Ролан Вольфарт (119), Карл-Хайнц Румменигге (162) және Герд Мюллер (365).
Біздің серіктес: FONBET