Мюнхендік «Бавария» антирекорд орнатты

28.10.2021, 16:01
Нагельсманн шәкірттері «Боруссиядан» оңбай ұтылды.
Мюнхендік «Бавария» антирекорд орнатты

Кеше Германия кубогінің 1/16 финалында «Боруссия Мёнхенгладбах» «Бавария» командасын қабылдады. Матч Мёнхенгладбахтағы (Германия) «Боруссия-Парк» стадионында өтіп, 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Есепті Брил Эмболоның пасынан кейін Куадио Коне ашты. Ал 15-минутта Рами Бенсебайни көзге түсті. Араға бес минут салып дәл сол Бенсебайни пенальтиді сәтті орындап, командасының үшінші голын соқты. Екінші тайм басталған тұста Брил Эмболо дубль жасап, ойынның нүктесін қойды.

Нәтижесінде мюнхендіктер 1978 жылдан бергі ең ірі жеңілісіне ұшырады (ол кезде «Фортунадан» 1:7 есебімен ұтылған) және тұңғыш рет Германия кубогінде бес гол айырмасымен жеңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×