Нәбәрі 18 жасында “Алтын допқа” басты үміткерлердің бірі болатындай Ламин Ямал не істеді?

22.09.2025, 14:00

“Алтын доп” енді Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың ғана дуэлі емес. Бұл екі аңыздың дәуірі аяқталған соң, футбол жанкүйерлері әлемдегі ең беделді жүлденің жаңа иегерлеріне куә болуда. 

Нәбәрі 18 жасында “Алтын допқа” басты үміткерлердің бірі болатындай Ламин Ямал не істеді?

2025 жылғы марапаттың басты фавориттері “ПСЖ” жұлдызы Осман Дембеле мен “Барселонаның” жас дарын иесі Ламин Ямаль. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер Ямальды биылғы жылдың басты үміткері деп санайды.

Бар болғаны 18 жаста болса да, Ламин Ямаль өзін нағыз талант иесі ретінде дәлелдеп үлгерді. 2024–2025 маусымында ол 21 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. 

Оның шеберлігі “Барселонаның” Ла Лигадағы, Испания кубогындағы және Суперкубоктағы жеңістерінде шешуші рөлдер атқарды. Әр ойында Ямаль ойын тағдырын өзгерте алатын, креативті әрі батыл ойыншы екенін көрсетті.

Чемпиондар лигасында да жас шабуылшы ерекше көзге түсті. “Барселона” жартылай финалда “Интерден” ұтылса да, Ямаль өз деңгейін дәлелдеп, болашақта Еуропаның басты жұлдыздарының біріне айналатынын көрсетті. Оның ойыны Месси, Роналдиньо, Неймар секілді аңыздарды еске түсіреді.

Ямальдың “Алтын допқа” үміткерлердің бірі болуы тек оның жеке жетістігін ғана емес, Месси дәуірінен кейін қайта жасақталып жатқан “Барселонаның”еңбегінің де жемісі деуге болады. Педри, Гави, Рафинья және Жюль Кунде секілді әріптестерінің ортасында Ямаль команда көшбасшысы бола алатынын дәлелдеуде.

Ямалдың басты қарсыласы Осман Дембеле де тамаша маусым өткізді. “ПСЖ” сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, Луйс Энрикенің тактикасына мінсіз үйлесті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×