Н’ Голо Канте Франция құрамасына шақырту алды

Дидье Дешам оны қораздардың қараша айындағы кездесулеріне шақыртты.

Н’ Голо Канте Франция құрамасына шақырту алды

34 жастағы жартылай қорғаушы құрамада 2024 жылдың 14 қарашасынан бері ойнамаған. Ол Еуро-2024 алдында да іріктеудің соңғы екі турына қатысып, кейін негізгі додада атой салған еді.

Жалпы Н’ Голо 2016 жылдан бері халықаралық турнирлерде барлығы 64 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Айта кетейік, Франция құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеуінде 14 қарашада Украинаға қарсы, 16 қарашада Әзербайжанға қарсы ойын өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Франция
Aladop Youtube
×