30 жастағы жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев ҚПЛ 5-тур кездесуінен шет қалмақ.
“Қызылжарға” қарсы екінші тур матчтында Шохан Абзаловқа қарсы дөрекі ойнаған ойыншы қызыл қағазбен жазаланған болатын (0:3). Сол себептен ол екі матчқа дискваликацияланды. Бұған дейін Думан “Елімаймен” өткен кездесудеде алаңға шықпаған еді. Ендігі кезекте жартылай қорғаушы “Атырауға” қарсы ойынға қатыса алмайды.
Ішкі біріншілікте Думан “Қайсар” үшін 2 ойын өткізіп, 1 голдық пас берді.
Премьер-лига аясында өткізген үш кездесуде бірде-бір ұпай жинай алмаған “Қайсар” турнирлік кестеде 13 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET