Нәрзілдаев “Қайсармен” бірге

Тәжірибелі жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев Қызылорда командасында қала беруге шешім қабылдады.

Нәрзілдаев “Қайсармен” бірге

Осы маусымда 32 жастағы хавбэк Қайсар жейдесінде 19 матч өткізіп, сонда өз командаластарына 3 голдық пас берді.

Нәрзілдаев Қызылорда футболының түлегі болып табылады. Ол 2010 жылдан 2022 жылға дейін “Қайсар” жүйесінде өнер көрсетіп, кейінірек “Ордабасы” мен “Каспий” клубтарына барып келді. Бірақ жасы келген ойыншы 2024 жылдың басында өз туған жеріне қайтып оралды. 

Айта кетейік, Премьердің соңғы турларында жарақат алған Думан бүгінде “Қайсар” клубының Қызылордадағы жиындарынан шет қалды. Алдағы уақытта капитан барлығы дұрыс болған жағдайда ортақ топқа қосылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×