"Атырау" ФК шабуылшысы Николай Сигнеевичке ҚР Кубогының финалынан кейін боғауыз сөз айтқаны үшін 738.400 теңге айыппұл салынып, 5 ойынға шеттетілді.
Осылайша, ҚФФ Тәртіптік комиссияның кезекті отырысында аталған жағдай сараланып, беларустық легионерге қатысты қатаң шешім қабылдады. Дегенмен, Сигнеевич кешегі өткен турда “Жеңіс” қақпасына пенальтиден гол соғып, “Атырау” 3-0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал тәртіптік жаза ресми осы ойыннан кейін шықты. Сондықтан, Николай үшін биылғы маусым аяқталды десек болады.
Біздің серіктес: FONBET