
Уэльс - Қазақстан кездесуі
ҚР Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза 2026-жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы ойынына қатысты пікір білдірді.
«Прогресс бар. Бірақ нәтиже жоқ. Лихтенштейнмен өтетін матч психологиялық тұрғыдан өте маңызды болмақ. Егер біз «карликтен» (әлсіз құрамаға) жеңілсек, бұл Қазақстан құрамасына психологиялық тұрғыдан ауыр соғады. Жеңіске жетсек, бұл аш құрамаға жігер береді», – деді Нұртаза meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын.
Біздің серіктес: FONBET