“Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы жұлдызы, атақты Португалиялық футболшы Нани мансабын “Ақтөбеде” жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
ЖаркOff телеграм арнасының хабарлауынша, Португалиялық ардагер футболшы көп ұзамай Ақтөбеге ұшып келеді. Клуб басшылығы Наниді жанкүйерлерге таныстыру үшін айрықша салтанатты шара өткізуді жоспарлап отыр.
Жұлдызды ойыншының келуі жақын арада күтілгенімен, ол бірден жаттығуға кіріспейді. Нани команданың негізгі құрамына келесі оқу-жаттығу жиынында ғана қосылады деп күтілуде. Бұл шамамен ақпан айының ортасына жоспарланған.