Нани емес? «Ақтөбеде» ең көп жалақы алатын футболшы белгілі

Бүгін, 12:17

Пабло Альварес «Ақтөбенің» қазіргі құрамында ең көп табыс табатын футболшыларының қатарында.

Нани емес? «Ақтөбеде» ең көп жалақы алатын футболшы белгілі
Пабло Альварес "Ақтөбе" сапында

Испаниялық жартылай қорғаушы «ақ-қызылдар» сапында айына шамамен 17 млн теңге (30 мың еуро) жалақы алатын ұқсайды. Бұл туралы «ASnews.kz» порталы хабарлаған болатын.

«Испаниялық «Вильярреалдың» түлегі «ақ-қызылдардың» ең көп жалақы алатын футболшыларының қатарына енді. Сонымен қатар, 28 жастағы жартылай қорғаушының келісімшартында нәтижелілікке байланысты бонустар да қарастырылған. Егер испаниялық ойыншы маусым барысында «гол+пас» жүйесі бойынша сегіз ұпай жинаса, қосымша 4,5 млн теңге (8 мың еуро) алады», - делінген сайт материалында. 

Испаниялық жартылай қорғаушы украиналық «Карпаты» сапында 41 матчта екі гол мен екі нәтижелі пас тіркеді. Пабло Альварестің мансабында сондай-ақ, болгариялық «Черно Море» және хорватиялық «Риека» клубтары болды. Футболшының нарықтық бағасы 1.20 млн Еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×