Нани мен Мозестен кейін «Қайрат» та трансферді жаруы керек пе? Алматылық клуб өкілдері қандай ойда?

Бүгін, 11:21

«Қайраттың» бұрынғы футболшысы Исаэль Барбоза Луиш Нани мен Виктор Мозестің ҚПЛ-ге келуіне байланысты өз ойымен бөлісті.  

Нани мен Мозестен кейін «Қайрат» та трансферді жаруы керек пе? Алматылық клуб өкілдері қандай ойда?
Луиш Нани

«ҚПЛ үшін де, жалпы ел футболы үшін де әлемдік жұлдыздарды тарту өте маңызды. «Қайратқа» жауап қайтарудың уақыты келген жоқ па? Команда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр, бірақ Нани мен Мозес секілді ойыншылардың құрамда болғаны әрдайым керемет әсер сыйлайды. Мұны жанкүйерлер де жоғары бағалар еді. 37 жасымда чемпионатта ойнай алар ма едім? Иә, мен әлі де бәсекеге қабілеттімін. Қазір Рио-де-Жанейроның бірінші дивизионында жақсы ойнап жүрмін, – деді бразилиялық футболшы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 

И. Барбоза «Қайрат» сапында 174 матчқа қатысып, 99 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Жартылай қорғаушы алматылық клубтан бөлек «Краснодар» мен венгриялық «Ференцварош» клубтарының намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×