«Сассуолоның» шабуылшысы Доменико Берарди осы жазда командасын ауыстыруы мүмкін. 27 жастағы ойыншыға «Наполи» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Calciomercato.com.
Дереккөздің хабарлауынша, неаполитандық клубтың басшылығы Берардиді жазда клубтан кететін Лоренцо Инсиньенің орнына алғысы келеді.
Берарди осы маусымда А сериясының 27 ойынында 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Форвард әзірге «гол+пас» жүйесі бойынша чемпионаттың үздік ойыншысы болып табылады. Шабуылшы мен «Сассуоло» арасындағы келісім 2024 жылдың жазында аяқталады. Домениконың нарықтағы құнын Transfermarkt 35 миллион еуроға бағалап отыр.
Естеріңізде болса, Берарди өткен жазда Италия құрамасымен Еуропа чемпионы атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET