«Наполи» Дженнаро Гаттузомен келісімшартты ұзартуы мүмкін

02.11.2020, 03:21
«Наполи» Дженнаро Гаттузомен келісімшартты ұзартуы мүмкін

«Наполи» бас бапкер Дженнаро Гаттузомен келісімшартты ұзартуға жақын, деп хабарлайды Sky Sport Italia.

Дереккөздің хабарлауынша, кеше, 31 қазанда Гаттузо клуб президенті Аурелио Де Лаурентиспен және спорт директоры Криштиану Гвинтолимен кездесті. Тараптар жаңа келісімшарттың мән-жайын талқылады. Маманмен келісім 2023 жылға дейін ұзартылады деп хабарланды.

Гаттузо 2019 жылы «Наполидің» бас бапкері атанған еді. Италиялық маманның неаполитандық клубпен қазіргі келісімі 2021 жылдың маусымына дейін есептелген.

30 қазанда «Наполи» Еуропа Лигасында Испаниялық «Реал Сосьедадты» (1:0) сырт алаңда жеңіп, «F» тобының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді, «Реал Сосьедад» (3 ұпай) үшінші орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×