"Наполи" Италия А сериясының 12-турындағы кездесуде "Аталантаны" 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алаң иелері тарапынан Давид Нерес дубль жасап, үшінші голды Ноа Ланг соқты.
Екінші тайм басында "Бергамо” командасы Джанлука Скамакканың арқасында бір гол соға алды, бірақ қонақтар одан арыға бара алмады.
"Наполи” 2025 жылы Еуропаның бес жетекші лигасының ішінде өз алаңында бірде-бір ойынында жеңілмеген жалғыз команда болды .
Антонио Контенің басшылығымен команда 12 ойында жеңіске жетіп, тағы 4 кездесуді тең ойынмен аяқтады.