«Наполидің» «Ювентусқа» қарсы матчтағы техникалық жеңілісі өз күшін жойды

23.12.2020, 16:56
Командаға шегерілген ұпайы да қайта беріледі.
«Наполидің» «Ювентусқа» қарсы матчтағы техникалық жеңілісі өз күшін жойды

"Наполидің" А сериясының 4-турының қорытындысы бойынша «Ювентуске» қарсы матчтағы техникалық жеңілісі жойылады, деп хабарлайды Италия Олимпиада комитетінің ресми сайты. Осылайша, "Ювентус" мен "Наполи" арасындағы кездесу өтеді. Италия спорттық арбитраждық сотының шешімі бойынша шегерілген бір ұпай қайтадан командаға берілетін болады. Кездесудің өтетін күні әлі айтылған жоқ.

Еске салайық, командалар 4 қазанда Туринде ойнауы керек еді. "Наполи" матчқа келмеді, жергілікті денсаулық сақтау органы клубтағы коронавирус жағдайларына байланысты командаға Туринге баруға тыйым салды.

Команданың Неапольден келген заңгерлері А сериясының басшылығына кездесудің уақытын ауыстыру туралы ұсыныс тастады. Осыған қарамастан, А сериясы "Наполи" -"Ювентус" матчын кейінге қалдыру мүмкін емес деп мәлімдеді. Кездесу өтті, бірақ неаполитандықтар матчқа келген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×