Нарвик Сирхаев: “Қазақстандықтар — “Ахмат” үшін өте үлкен олжа”

29.03.2026, 16:20

Әзербайжан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Нарвик Сирхаев Грозныйдың "Ахмат" клубында өнер көрсетіп жүрген отандастарымыз туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Нарвик Сирхаев: “Қазақстандықтар — “Ахмат” үшін өте үлкен олжа”

Сирхаев Pесейлік клубтың Қазақстандық шабуылшыны өз қатарына қосқанын жоғары бағалады. Оның айтуынша, Самородов команданың ойын өрнегін айтарлықтай күшейте алатын әмбебап футболшы.

"Самородов — шабуылды ұйымдастыруда да, оны нәтижелі аяқтауда да өте белсенді. Ол қазір де, болашақта да командаға үлкен пайда әкеледі.” — дейді ардагер футболшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Сирхаев "Ахмат” басшылығының өз уақытында Максимді таңдағанын өте дұрыс шешім деп санайды.

Команданың тағы бір Қазақстандық ойыншысы Ғалымжан Кенжебекке қатысты Сирхаев әзірге нақты баға бере алмайтынын айтты. Оның себебі — футболшының ұжымға жақында ғана қосылуы.

Дегенмен, ол қазақстандық футбол мектебінің деңгейіне тоқталып өтті:

"Қазақстандық футбол мектебінің осындай сұранысқа ие ойыншыларды тәрбиелеп жатқанына қуаныштымын. Бұл — ол елде футболдың дұрыс бағытта дамып келе жатқанының белгісі.” — деп түйіндеді сөзін Нарвик Сирхаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×