Нәсілшілдік әрекетке барған төреші өз әрекетін түсіндіріп берді

10.12.2020, 01:38
Кешегі матчтағы Пьер Вебоға берілген қызыл қағаз өз күшін жойды.
Нәсілшілдік әрекетке барған төреші өз әрекетін түсіндіріп берді

Румыниялық төреші Себастьян Колцеску ПСЖ - "Истанбул Башакшехир" матчында айтқан сөздерін түсіндіруге тырысты.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турындағы ойын төрешінің нәсілшілдік әрекетінен кейін үзілген болатын. Колцеску "Истанбул Башакшехир" жаттықтырушысын "мына қара жігіт" деп атаған.

Төреші Стамбулдық клубтың ойыншыларына ерсі болып көрінетін "negru" сөзін қолданған екен. Нәтижесінде екі команданың ойыншылары алаңнан кетіп, матчты жалғастырудан бас тартты.

"ПСЖ-мен ойында біздің ойыншылар төреші Себастьян Кольцеска бас бапкердің көмекшісі Пьер Вебоға қарсы нәсілшілдік әрекетке барғаны үшін алаңға шығудан бас тартты", - делінген түркиялық клубтың хабарламасында.

"Румын тілінен аударғанда "negru" "қара" дегенді білдіреді, мен нәсілшіл емеспін", - деп түсіндірді Колцеску бұл әрекетін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×