Наурызбек Жагоров: Ханәліұлы маған үлкен сенім артуда, соны ақтауға тырысамын

19.03.2025, 16:58

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров ұлттық құраманың бас бапкері мен ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Уэльске қарсы кездесу жайлы айтты.

Наурызбек Жагоров: Ханәліұлы маған үлкен сенім артуда, соны ақтауға тырысамын
Наурызбек Жагоров

Қазақстан 22-наурызда сырт алаңда Уэльспен жолығып, іріктеу аясындағы жорығын бастамақ. Сосын Әли Әлиевтің командасы тағы да сырт алаңда наурыздың 25-де Лихтенштейнмен шеберлік байқасады.

«Дайындық жоспарға сай өтуде. Бас бапкермен күнде сөйлесеміз, арамызда ешқандай түсініспеушілік жоқ, ұлттық құрама қатарына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Ханәліұлы маған үлкен сенім артуда, соны ақтауға тырысамын.

Ұлттық команда жейдесінде ел намысын қорғау біздің әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік. Менің еңбегім дұрыс бағаланды деп есептеймін.

Жасыратыны жоқ, алдағы қарсыласымыздың тегеуріні баршаға аян. Уэльс құрамасын зерттеуге байланысты жұмыстар күнделікті істеліп жатыр. Қажетті ұпайларды алу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - деді Н. Жагоров.

Наурызбек Жагоров қостанайлық клуб сапында жаңа басталған ҚПЛ-2025-те екі кездесуде өнер көрсетіп, бір голдық пастың авторы атанды. «Тобылдан» бөлек, «Атырау», «Қыран», «Ақжайық», «Оқжетпес» секілді ұжымдардың намысын қорғады. Футболшы мен «Тобылдың» келісімшарты биылғы жылдың соңына дейін жарамды. 27-жастағы ойыншының нарықтық бағасы 175 мың еуро.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×