Назарбаевтың немересі ұлттық құрамаға келсе...

21.04.2011, 20:03
Назарбаевтың немересі ұлттық құрамаға келсе...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осы маусымда астаналық «Локомотив» клубының сапына ауысып, 25 нөмірлі футболист атанғаны рас. Ол мектеп жасында Австрияның «Адмира» командасында өнер көрсетіп, еліміздің жастар ұлттық құрамасына алынады. Тіпті, Уэльспен өткен кездесуде капитан болып алаңға шығады. Енді чехиялық маман жаттықтыратын ұлттық құрамаға келуі де ықтимал. Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек те бұл сөзді жоққа шығарып отырған жоқ. Алдағы 3-маусымда өтетін Әзірбайжан құрамасына қарсы ресми кездесуге қосалқы құрамға Айсұлтанды шақыруды жөн санап отыр. Расында, Айсұлтан ұлттық құрамаға келсе, қазақ футболының еңсесі біраз тіктеледі деуге әбден болады. Себебі, немересі өнер көрсеткен командаға атасы да болысады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×