"Елімайға" қарсы ойында дубль авторы атанған албаниялық елорда ұжымының голеадорлар тізіміне енді.
2024 жылы “Балкани” командасынан ауысып келген Назми Грипши “Астана” жейдесінде соққан голдар санын 19 жеткізді. Шабуылшы соның нәтижесінде елорда ұжымының үздік топ-10 сұрмергені қатарын толықтырды.
1.Марин Томасов – 92 гол
2.Патрик Твумаси – 48 гол
3.Танат Нөсербаев – 46 гол
4.Джуниор Кабананга – 31 гол
5.Фокси Кетевоама – 26 гол
6.Роман Мұртазаев – 25 гол
7.Абат Айымбетов – 23 гол
8.Назми Грипши – 19 гол
9.Педро Эуженио – 18
10.Игорь Бугаев – 18
Қазіргі таңда албаниялық Премьер-лиганың 22-турынан кейін 13 голымен сұрмергендер көшін бастап тұр. Назмиден кейін 10 голмен “Оқжетпес” ойыншысы Дәурен Жұмат орналасқан. Ал үздік үштікті Грипшидің командаласы Марин Томасов түйіндеп тұр. Хорват биылғы біріншілікте 9 голдық көрсеткішпен көзге түсті.