Бразилиялық бапкер Сильвиньо 28 жастағы "Астана" ойыншысын құраманың алдағы кездесулеріне шақыртыпты.
Атап айтсақ, Албания құрамасы қазан айында Әлем чемпионаты іріктеуі аясында Сербиямен және Иорданиямен жолдастық матч өткізеді. Аталған кездесулер 11 мен 14 қазанға жоспарланған.
Грипши осы маусым “Астана” сапындағы 24 матчта 15 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
2024 жылдан бері елордалық ұжымда өнер көрсетіп келе жатқан шабуылдаушы жартылай қорғаушы Қазақстан Лига Кубогының жеңімпазы саналады. Онымен қоса, биылғы маусымда Назми өз командасымен бірге ел чемпиондығына басты үміткер болып саналады.