Жозе Моуринью
Кеше ЧЛ негізгі кезеңінің бірінші турында «Бенфика» сенсациялы түрде «Карабахтан» ұтылып қалған 2:3.
Алаң иелері бірінші таймнан кейін 2:0-мен жеңіп тұрғанын да қоса кету керек. Алайда, Гурбан Гурбановтың командасы үзілістен кейін камбэк жасап, жігерлі жеңіске жетті. Енді португалиялық топ-клуб осындай сәтсіздіктен кейін Бруну Лажаны жұмыстан босатып, оның орнына жаңа бас бапкер тағайындауды көздеп отыр. Негізгі үміткер ретінде Жозе Моуринью қарастырылып отыр деген ақпарат бар. Португалиялық маманның соңғы орны «Фенербахче» болатын.