Бразилиялық Жоржиньо өз командасының қос матч қорытындысы бойынша Шотландиялық "Селтикті" жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға қауқарлы екеніне сенеді.
Футболшының айтуынша, ішкі чемпионатта өнер көрсету мен Еурокубок ойындарын қатар алып жүру оңай емес.
"Біз ішкі біріншілікке барынша көңіл бөлеміз, әрі ол біз үшін аса маңызды. Бірақ ойдан "Селтикті” алып тастау мүмкін емес. Футболдағы ең ерекше атмосфералардың бірі, әйгілі "Селтик Парк” стадионы, Чемпиондар лигасы плей-оффы, бай Еурокубоктық тарих, жанкүйерлер, дәстүр.
"Слован" бізге қарағанда гранд саналатын, "Олимпия" да бізден әлдеқайда мықты деп есептелді. Ал енді неге сенбеске, неге армандамасқа? Бұл қол жеткізуге болатын мақсат. Егер біз алаңға шықпасақ, армандаудың да қажеті жоқ еді. Бірақ біз ойнаймыз, демек мүмкіндік бар. Өйткені алаңда бәрібір 11 ойыншы 11-ге қарсы шығады.” – деді Жоржиньо Flashscore-ке берген сұхбатында.