Тамыздың 10-ы күні Астана-Арена стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Сирия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Кеше құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранек осы кездесуге байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, ойынға қатысатын футболшылардың есімдерін жариялады. Белгілі болғандай, құрамамыздың екі негізгі қақпашысы аталмыш ойынға қатыса алмайды. Олар: Андрей Сидельников пен Александр Мокин. Сондай-ақ бұл ойында немістің «Гройтер Фюрт» командасында өнер көрсететін Генрих Шмидталь мен Сочидің «Жемчужинасындағы» Қазбек Гетериев те матчқа қатыспайды. Тамыздың 3-5-і күндері ұлттық құрамамыз Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 8-і күні Астанаға келеді.
Жолдастық кездесуге шақырту алған футболшылар
Қақпашылар: Владимир Логиновский (Жетісу), Антон Цирин (Ертіс), Роман Нестеренко (Ордабасы).
Қорғаушылар: Самат Смақов, Юрий Логвиненко (екеуі де – Ақтөбе), Марк Гурман, Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов (бәрі де – Астана), Александр Киров (Шахтер), Мұхтар Мұхтаров (Ордабасы).
Жартылай қорғаушылар: Марат Хайрулин (Ақтөбе), Серікжан Мужиков (Жетісу), Марат Шахметов (Астана), Ұлан Қонысбаев, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев (бәрі де — Шахтер).
Шабуылшылар: Сергей Остапенко (Жетісу), Таңат Нөсербаев (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов (Ордабасы), Сергей Гридин (Тобыл), Сергей Хижниченко (Шахтер).
Резервтегі тізім:
Қақпашы: Александр Мокин (Шахтер), Қорғаушы: Дмитрий Евстигнеев (Тараз), Жартылай қорғаушы: Виталий Евстигнеев (Ордабасы), Шабуылшы: Глеб Мальцев (Ертіс).
Автор: Салтан СӘКЕН