"Пари Сен-Жермен" клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Неймар 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатынан кейін халықаралық мансабын аяқтау туралы ойлайтынын хабарлады.
"Менің ойымша, 2022 жылғы әлем біріншілігі мен үшін соңғы болады. Мен солай ойлаймын, өйткені осылай ойнауды жалғастыру үшін күш-жігерім жетер-жетпесін білмеймін. Сондықтан мен ұлттық құрамамен бірге жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жету үшін барлығын жасаймын, осылайша бала кезімдегі арманымды жүзеге асырамын. Біз табысқа жетеміз деп үміттенемін", - деп келтіреді Goal.com Неймардың сөздерін.
Неймар 2010 жылдан бері Бразилия ұлттық құрамасында ойнайды. Ол ұлттық құрама сапында Олимпиада чемпионы (2016) және Конфедерация кубогының жеңімпазы (2013) атанды. Еске салайық, Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET