Неймар болашағына қатысты шешім қабылдады

01.09.2020, 01:32
Келесі жылы финалда жеңгісі келеді екен.
Неймар болашағына қатысты шешім қабылдады

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймар өзінің болашағына қатысты пікір білдірді.

«Мен келесі маусымда ПСЖ-да ойнайтын боламын. Чемпиондар Лигасының финалына қайта оралып, бұл жолы жеңіске жеткім келеді. Менің есімім клубтың тарих кітаптарына енуі үшін бәрін жасау керек деген ой мені үнемі шабыттандырады. Ең бастысы - командаластарыммен бірге Чемпиондар лигасын жеңу. Маған жеке марапаттар маңызды емес, тек ұжымдық жеңістер қажет.

Мен ПСЖ осылай ойнауын жалғастырады және әлі алынбаған титулдарды алады деп сенемін. Клуб футбол тарихына енеді деп үміттенемін», - деді Неймар.

Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының финалдық матчында «Бавария» Пари Сен-Жерменді 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. "Бавария" өз тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды және бұл нәтиже бойынша "Ливерпульді" қуып жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×