Неймар финалда ойнамауы мүмкін

19.08.2020, 16:16
«ПСЖ» басшылығы ақша берсе де, бұл мәселені шешіп алады.
Неймар финалда ойнамауы мүмкін

28 жастағы "Париж-Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар Чемпиондар лигасының финалында медициналық ережелерді бұзғаны үшін ойнамауы мүмкін, деп хабарлайды The Sun.

Басты себебі - «РБ Лейпцигтің» қорғаушысы Марсель Халстенбергпен жейдесін алмастыруы. УЕФА протоколында: "Ойыншыларға футболкалар алмастырмауға тыйым салынады" делінген екен.

Жейде ауыстыру жағдайында өзін-өзі оқшаулау кезеңі туралы нақты айтылмайды, бірақ міндеттемелерді орындамау «УЕФА-ның ережелеріне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін» деп түсіндіреді. Бұған дейін, барлық спорттық іс-шаралар қайта басталғанға дейін, Лиссабондағы (Португалия) Чемпиондар лигасының мини-турнирі кезінде жейде алмасу, алмастырылған ойыншылар үшін 12 күндік оқшаулануға әкеледі деп хабарланған болатын.

Осы маусымда Неймар барлық турнирлерде «ПСЖ» үшін 26 кездесуге қатысып, 19 гол және 12 голдық пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×