"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Неймар клубтың экс-шабуылшысы, қазір "Миланда" ойнайтын Златан Ибрагимовичтің рекордын жаңартты.
Бразилиялық футболшы Франция чемпионатындағы 58 ойында 50 гол соқты, ал Златан 50 голды 59 кездесуде соққан еді, деп хабарлайды Stats Foot. "Марсельдің" бұрынғы ойыншысы Гуннар Андерссон Франция чемпионатында 50 голды ең жылдам соққан ойыншы, оған бұл көрсеткішке жету үшін 53 матч қажет болды. Екінші орында "Марсельдің" бұрынғы шабуылшысы Йосип Скоблар тұр (54 матч). "Реймс" және ПСЖ-ның бұрынғы футболшысы Карлос Бьянки Неймармен бірдей көрсеткішке ие (58 кездесу).
Неймар ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Барселонадан" ауысып келді. Трансферлік сома рекордтық 222 миллион еуроны құрады. Осы маусымда бразилиялық 5 матч өткізіп, 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET