Неймар: "Мен Мессиді қатты жақсы көремін"

18.12.2019, 00:46
Неймар: "Мен Мессиді қатты жақсы көремін"

"ПСЖ"-ның бразилиялық шабуылшы Неймар France Football басылымына берген сұхбатында Лионель Месси және оның алтыншы рет "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алуы жайындағы өз ойымен бөлісіпті.


-"Месси? Ол мен бұрын соңды көрген ең үздік ойыншы. Қазір әлемдегі ең мықты футболшы кім десе жасқандай оның есімін айтар едім. Мен үшін Леоның 6 рет "Алтын доп" жүлдесін алуы таң қаларлық жайт емес. Себебі, бұндай сыйлық тек Месси сынды ойыншылар бұйыруы керек. Мен Мессиді қатты жақсы көремін",- дейді "ПСЖ" сұрмергені.

Айта кетейік, Неймар жуырда ғана "Барселонаға" қатысты тағы сотқа шағым түсірді. Бұл жолы 27 жастағы бразилиялық "блаугранадан" келісім-шартты ұзарту кезінде дұрыс жалақы төлемеді деген себеппен 3,5 миллион евро өндіріп алмақ. Сонымен қатар, ойыншы клуб президенті Хосеп Бартомеуді де айыптап отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×