Неймар өмір салты туралы айыптауларға байланысты сотқа жүгінді

27.09.2025, 11:00

Бразилияда Неймардың төңірегінде тағы бір дау шықты. "Сантос" клубының шабуылшысы танымал журналист Родольфо Гоместі сотқа берді.

Неймар өмір салты туралы айыптауларға байланысты сотқа жүгінді

Даудың басталуына Гоместің мәлімдемесі себеп болған. Ол Неймардың маусым соңына дейін алаңға шықпайтынын, әрі кәсіби спортшыға сай емес өмір салтын ұстанатынын айтқан. Журналистің сөзінше, футболшы виски мен энергетикалық сусындарға әуес, кальян шегеді және таң атқанша ұйықтамайды.

Гомес тіпті "Сантос” клубының жаттығулары Неймардың ұйқы кестесіне бейімделіп, түске таман басталатынын, бұл жағдай басқа ойыншылардың наразылығын тудырып отырғанын жеткізген. Оның айтуынша, бапкерлер штабы жұлдыз ойыншыны ренжітіп алмас үшін бұл режимді өзгертуге батпайды.

Бұл айыптаулар Неймардың ашу-ызасын тудырды. Футболшының мүддесін қорғайтын NR Sports компаниясы Гомеске қарсы сотқа шағым түсіріп, бұл ақпаратты жалған әрі шабуылшының абыройына нұқсан келтіреді деп бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×