Неймар шешуші матч алдында қатардан шығып қалды

23.11.2025, 22:10

2025 жылғы маусымдағы ең маңызды матчтардың бірінде "Сантос" Неймардың көмегінсіз қалуы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Неймар шешуші матч алдында қатардан шығып қалды

Команданың басты жұлдызы тізесіндегі ауырсынуға байланысты 22 қараша күнгі жаттығуға қосылмаған. Сол себепті ол дүйсенбі күні "Интернасьоналға” қарсы өтетін Бразилия чемпионатының 35-турындағы ойында алаңға шықпай қалуы әбден мүмкін.

Неймар тізесінде ауырсынуды "Мирассолға” қарсы 1:1 есебімен аяқталған кездесуде сезінген. Соған қарамастан, матчты толық аяқтаған. Қазір ол қайта тексеруден өтіп жатыр. Дәрігерлер жарақаттың аса ауыр емес екенін айтады, бірақ ауырсыну күшейгендіктен, футболшыны осы маңызды ойында қауіпке тікпей демалдыру жоспарланып отыр.

Қазір "Сантос" 37 ұпаймен 16-орында. Ал "Интернасьонал” 40 ұпаймен бір саты жоғары – 15-орында. Тура арттарында тұрған "Виторияның” еншісінде 36 ұпай бар. Яғни "Сантос” жеңіске жете алмаса тур соңында төмендеу аймаққа түсіп кету қаупі өте жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×