Неймарды жарақаттаған «Лион» футболшысына жаза тағайындалды

19.12.2020, 18:00
Неймар «Страсбурмен» болатын матчқа қатысуы мүмкін.
Неймарды жарақаттаған «Лион» футболшысына жаза тағайындалды

"Лионның" жартылай қорғаушысы Тиаго Мендес ПСЖ шабуылшысы Неймарға қарсы дөрекі ойнағаны үшін 2 матчқа шеттетілді.

Негізінде ойыншыға 3 матчтық дисквалификация тағайындалды, бірақ футболшының қызыл қағаз алып, "Брестке" қарсы матчқа қатыспағанын есепке алып (2:2), жазаны екі матчқа қысқартты. Осылайша, ойыншы "Лионның" алдағы 2 ойынына қатыспайды - "Ницца" мен "Нантқа" қарсы.

Еске салайық, кездесу аяқталар тұста Мендес Неймарды жарақаттаған болатын. Осы әрекеті үшін төреші Бенуа Бастьен Мендеске бастапқыда сары қағаз көрсетті.

Неймар жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Ал төреші бейнеқайталаудың көмегіне жүгініп, Мендеске қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды.

Мендес матч аяқталғаннан кейін Instagram-да Неймардан кешірім сұрады. Ал Неймардың екі апта бойы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×